Мен, Аязбекова Зауреш Каримовна, 1978 жылы 24 желтоқсанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданына қараасты Жұмысшы ауылында дүниеге келдім. Біздің ауылда 9 жылдық мектеп қана болғандықтан, 11 жылдық мектепті көрші Өндіріс ауылындағы Өндіріс орта мектебінде жақсы оқып аяқтап шықтым. 1995 жылы бағым жанып, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік оқу орнының студенті атандым. Осы аталған оқу орнын 1999 жылы «жақсы» деген бағамен аяқтап шықтым. Алғашқы ұстаздық жолымды Аққұдық орта мектебінен бастадым. Аққұдық орта мектебінде көптеген ұлағатты ұстаздардан үлгі алдым. Отбасылық жағдайыма байланысты өзімнің 11 жыл білім алған мектебіме қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде қызметке орналастым.
Білімім – жоғары. Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімімін. Осы мұғалімдік салада он алты жылға жуық қызмет атқарып қалыппын. Осы жылдар аралығында мектепішілік марапаттаулармен бірге аудандық марапаттауларға ие болдым. Атап айтсам, 2006 жылы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2007 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2007 жылы облыс әкімінің ақшалай грантын иелендім. 2011 жылы аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталдым.
Мен, Аязбекова Зауреш Каримовна, 1978 жылы 24 желтоқсанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданына қараасты Жұмысшы ауылында дүниеге келдім. Біздің ауылда 9 жылдық мектеп қана болғандықтан, 11 жылдық мек...