ОҚО Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов ауылы
М. Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Талдыбеков Жамбыл Әбілғазымұлы
Мен Талдыбеков Жамбыл Әбілғазымұлы 1985 жылы туылғанмын, білімім жоғары, еңбек өтілім 7жыл, 2 санатты ұстазбын . Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметінен бастап, осы күнде Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет етудемін. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында жеке тұлғаны дамытуда сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, білім сапасын арттыруға, білім алуға құштарлығын жетілдіруге баса назар аударамын. Сабақтарымда жаңа технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдерін оқу үдерісіне ықпалдастыра отырып, оқушылардың өз ойын ашық айтуды, сыни ойлауды, ақпараттарды өз бетімен іздеуді, өзін-өзі бағалауды, дарын мен таланттылықты, оқудағы көшбасшылықты басқаруды қолданамын. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып, өз шығармашылық жұмыстарымның тақырыбын зерделеп, дамытудамын.
Жамбыл Әбілғазымұлы – түсінетін, ойшыл, жаңалыққа жаны құмар жанмын. Оқу тәрбие жұмыстарының жаңа үлгілерін меңгере отырып, оқушылармен ынтымақтастығының жоғары деңгейде болуына ықпал жасаудамын. Көпшілік арасында, мұғалімдер ұжымы арасында беделді, көпшілік құрметіне бөленген ұстазбын. Мен өзімнің білімімді үнемі жетілдіріп отыратын ұстазбын. Мектепте жаңа технология элементтерін пайдалану, инновациялық үрдістегі бағдарламаларды қолданып, заман талабына сай білім беру нәтижесінде оқушыларым сапалы білім алуда. 2014 жылы, «Тілдердің үштұғырлығы » мәдени жобасы бойынша көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстандық потротизімді нығайту мақсатында өткен «Үш тілдің үздігі» аудандық байқауына қатысып, Бас жүлдені иеленіп, дәл осындай «Тілдердің үш тұғырлығы » мәдени жобасы аясында өткізілген «Үш тілдің үздігі » атты облыстық байқауға қатысып бірінші орнынды иелендім. Мен жұмыс барысында мектепішілік , аудандық және облыстық Алғыс хаттарымен , дипломдармен және грамоталармен марапатталдым.
Жамбыл Әбілғазымұлы – сауатты, жан- жақты ізденуші, жаңашыл мұғалім.
Қазіргі заманауи заманда білім үдерісі жоғары талаптарды қажет етеді. Сондықтан біз мұғалімдер білімдерімізді әрі қарай тереңдете түсуіміз керек. Тек тереңдете ғана қоймай жаңа тәсілдерді, жаңа ойларды, идеяларды қоса алуымыз қажет. Сондықтан мен осы сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша оқуға Түлкібас ауданынан, М. В. Ломоносов мектебінен келдім. Бірінші бетпе-бет кезеңіне келгенде маған барлық нәрсе таңсық болып көрінді. Тобымызда 25 мұғалім бар, барлығы әр ауданнан, қаладан жиналған. Бір ай осы топпен жұмыс жасадық. Нұсқаулық пен бағдарлама бойынша көп нәрсе үйрендім. Бұл «мұғалімге арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (базалық) деңгей бағдарламасын (бұдан әрі –Бағдарлама) зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Бұл бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел –уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни-пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларды құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Сондықтан өзгерісті өзімен бастауым қажет. Бұл курстан, бірінші бетпе-бет кездесуде оқыған соң мен көп нәрсені білдім. Осы бағдарламаның негізгі идеясы сабақ барсында 7 модульді кіріктіріп сабақ өту. Бұл бағдарламадан алдымен мен өзімді-өзім реттедім. Мен сыни тұрғыдан ойлай алдым. Осы жерден алған білімімді мен мектеп тәжірбиесінде қолдануға бел будым. Мектепке келе салысымен алдымен мектеп директорына және орынбасарларына осы бағдарламаның негізгі идеясын түсіндірдім. Олар маған қолдау көрсетті. Бұрынғы дәстүрлі оқытуда біз оқушыларға шектеу қоятынбыз, олардың ойын соңына дейін тыңдамай олардың ынтасы мен қызығушылығын төмендетеді екенбіз. Яғни нашар оқитын оқушыны өзіміз жасайды екенбіз. Мектеп тәжірбиесінде алдымен мен орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарды алдым, бұл кемел бағдарламаның нұсқаулығы бойынша менің өзгерісімнің бірі. Дәстүрлі оқытуда ондай жоспар құрмайтын едік. Бұл жоспар толығымен сабақ барысын қамтиды, сабақ барсындағы оқушылардың толығымен қамтылуын қамтамасыз етеді екен. Бұл жоспарда мақсат қойып оның нәтижесін шығарып, қандай әдіс тәсіл қолданатынымызды, қандай модульді кіріктіретінімізді, әр стратегияға қанша уақыт арнайтынымызды және қандай дерек көздерін пайдаланатынымызды толығымен егжей-тегжейлі жоспарлаймыз және осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз. Сабақ барысында біз дәстүрлі оқытуда сергіту сәттерін өткізбейтін едік, ал бұл бағдарламаның арқасында оқушылар түрлі тренингтер, сергіту сәттерін ұйымдастыру арқасында бір-біріне жақын бола бастады, өздерін еркін ұстап, бір-біріне жылы жақсы сөз айта алды, бұл мен үшін де оқушылар үшін де үлкен өзгеріс болды.