мектепте қызмет атқарып жүргеніме биыл 9 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде ұстаз өзін тек жақсы қырларынан ғана танытты. Ол өз жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол маман.
Бұл ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ол сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Білімді өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ұстаз ролі ерекше. Татьяна Викторовна - қазақ тілі мен әдебиет пәнінің маманы, гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі, 9Б-сыныбының жетекшісінің мәртебесі шәкірттерінің алдында қашан да биік. Мұғалімнің түйінді тақырыбы «Ақпараттық-коммуникативтікт құзырет арқылы оқу әрекетін дамыту». Осы бағыт бойынша ұстаз үздіксіз жұмыс жүргізіу арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстану үрдісін жандандырып келеді. Нәтижесінде оқушылар облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды қанжығаларына байлап жүр. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп, Абай атамыз айтқандай, мұғалімнің ерінбей, жалықпай, әртүрлі өзекті тақырыптарда бір-бірімен сабақтасқан, мән-мағынасы терең тәрбиелік шаралар өткізуі, оқушы ойын өсіріп, қазақи құндылықты дәріптеуге баулиды. Сондай сабақтарының бірі «Эрудиттер сайысы», «Қазақшаң калай, балақай», «Ана тілің – арың бұл» атты мектепішілік шаралары оқушының елін, жерін сүюге, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, рухани құндылықтарды бала бойына сіңіруге тәрбиелейді. «Мұғалімнің күнделікті сабағының өзі – ашық сабақ» деген ұстанымды басшылыққа алатын Татьяна Викторовна күнделікті сабақтарына тыңғылықты әзірлікпен, терең ізденіспен келеді. Сондықтан да мұғалімнің сабағы оқушы жүрегіне жол тауып, бала санасына мәңгі ұялайды деп есептеймін. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде Татьяна Викторовнаның еңбегі орасан зор екенін мойындаймыз. Оқушы алдында мәртебесі қашанда биік жан. Тәрбиенің қайнар көзі әрине білімде. Білімді өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ұстаз ролі ерекше. Мұғалімнің адамгершілігі, бір сөзділігі, талапкерлігі, балаға қамқорлығы, шыншылдығы, оқушы жүрегіне жол таба білуі, жинақылық пен ұстамдылық қасиеттері оқушыға өнеге. Татьяна Викторовнаның еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін.