Мен, Ахметкалиева Мейрамкул Бакытбековна, 1983 жылдың 6 наурызында Қостанай облысы Жанкелді ауданы Торғай селосының орталығындағы Комсомол көшесі мен Ғафу Қайырбеков көшесінің қиылысындағы Мирманов Ахметқалидың баласы Ахметкалиев Бақытбектің отбасында дүниеге келдім. Үйде үлкені болғасын атамның баласы болып, ерке өстім, атамның қалауымен 1989 жылдың 1 қыркүйегінде Торғайдағы Қайдосов көшесінің төменгі жағында орналасқан (қазіргі уақытта бұл ғимарат жоқ) Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің 1 сыныбына бардым. Мектепті жақсы оқып, "октябрят" болып, Ленин атамыздың басы бар значок тағып, 2 сыныпта "пионер" болып, мойныма қызыл галстук тақтым. 3 сыныптан соң 4 баланы жақсы оқығаны үшін 4 сыныпты оқытпай бірден жоғарғы, яғни 5 сыныпқа ауыстырды, сөйтіп, өзімнен 1 жас улкен балалармен 11 сыныпқа дейін оқып шықтым. 1999 жылдың 25 мамыр күні соңғы қоңырауды естіп, мектеп табалдырығымен қош айтыстым. Мектепті қызыл үздік үлгідегі аттестатпен бітірдім. 2002 жылы Арқалық қаласындағы Торғай гуманитарлық колледжіне түсіп, 2005 жылы қызыл дипломды алып бітірдім. Осы жылы шілде айында Қайыңды ауылының тумасы Кыпшакбаев Алмат Абатұлымен тұрмыс құрдым. 2009 жылы Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институтына түсіп, 2012 жылы бастауыш сыныпта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының сырттай
Мен, Ахметкалиева Мейрамкул Бакытбековна, 1983 жылдың 6 наурызында Қостанай облысы Жанкелді ауданы Торғай селосының орталығындағы Комсомол көшесі мен Ғафу Қайырбеков көшесінің қиылысындағы Мирманов...