Стаж работы 8 лет, 2 категория, занимаюсь творческой работой, пишу стихи, очень люблю музыку и занимаюсь спортом Таң арайланып атқанда, жұлдыздар біртіндеп жасырынып тығылады. Күнге әрі саналы әрі жүйелі түрде бағынып мойынсұнатынға ұқсайды. «Жарығы мен жылуын ғаламға мейірлене шашқан Күннің қасында біз сияқты бір жанып бір сөнетін жұлдыздарға орын жоқ» дегендей, кішіпейілдік танытатын көрінеді. Құрметпен қарайды. Күндіз жұлдыздар көзге көрінгісі келмейді. Олар тіршіліктің тынышталған түнгі уақытында шыға келіп, әлгі Күннің нұрына шомылған аппақ Аймен армансыз сырласады. Жер қазығына арқандап байланған мұңлы Ай не айтады екен оларға? Айтса, адам туралы айтар. Адамның сонау жаратылысынан бастап жасаған жақсылығы мен жамандығын тілге тиек етер. Абыл мен Қабылдың қақтығысынан бастап сыр қайырар… Әй, дегенмен осы ақ пейіл жұлдыздар Жерді дүр сілкіндіріп жатқан адамның зорлық-зомбылығы мен зұлымдығына қарамастан, еш уақытта жарық шашпай сөнген емес-ау. Сөндірілген де емес. Жарықтық жұлдыздар да бізге әманда амандық тілеп, үнемі үмітпен қарайтын сияқты
Стаж работы 8 лет, 2 категория, занимаюсь творческой работой, пишу стихи, очень люблю музыку и занимаюсь спортом Таң арайланып атқанда, жұлдыздар біртіндеп жасырынып тығылады. Күнге әрі саналы әрі...