Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол - ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы. Әуелі хаят, хәдис - сөздің басы, Қосарлы бәйітмысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы. Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мүнәжәт уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап. Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/1223-kunanbaev.html#read
© www.ZHARAR.com
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол - ақынның білімсіз бишарасы. Айт...