Мектепке дейінгі балаларда туындайтын психологиялық мәселелер
Даулетбаева Дария, Төлеуғұлова Әсемгүл
Ғылыми жетекші: Мукышева С.А
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей қаласы
Мектепке дейінгі балаларда психологиялық мәселелер жалпы білім беру саласында маңызды орынға ие болатын мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, дұрыс қалыптасқан психология баланың келешекте мектепте оқытудың нәтижелілігіне және болашақта тұлға болып қалыптасуна ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік үйрету тұжырымдамасы баланың қазіргі заманға бейімделуін және оның қазіргі заман әдеттері мен нормаларын игеруін көрсетеді. Бұл бағыттың өкілдері классикалық шарттастық пен оперантты үйретумен қатар, имитация және еліктеу жолы бар деп есептейді. Мұндай үйрету басты америка психологиясында қаралды. Әлеуметтік үйрету теориясында фрейдизимнен бастау алған баламен қоғам арасындағы антогогизм негізге алынған. Ғалымдар әлеуметтану деген ұғым еңгізді. Әлеуметтану дегеніміз- қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Әлеуметтік үйрету мәсеселірмен шетел психологтары А.Бандура, Р.Сирс, Б.Скиннер т.б айналысты.