Таженов Сапаралы Дүйсенқұлұлы 1966 жылы 26 мамыр ОҚО Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келді. 1983 жылы Шымкент физкультура техникумына түсіп, 1984 жылы әскери борышын атқарып, 1986 жылы Шымкент физкультура техникумын жалғастырып, 1987 жылы дене тәрбиесі пәні бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1988 жылы №23 ТУ-де дене тәрбиесі пән мұғалімі болып бастады. 1989 жылы ДЮСШ-да бапкер болып, осы жылы қыркүйек айынан бастап ДОСААФ мекемесінде спорт нұсқаушы болып істеді. 1993 жылдан бері Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде еңбек етіп келеді. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол оқушылардың жан – жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға даярлауға қызмет етеді. Таженов Сапаралы көп жылғы еңбегінің арқасында жұмыс істеу нәтижесінде практикалық – педагогикалық жетістіктерге қол жеткізіп, қазіргі заман талабына сай жұыс істеп келеді.
Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Таженов Сапаралы Дүйсенқұлұлы 1966 жылы 26 мамыр ОҚО Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келді. 1983 жылы Шымкент физкультура техникумына түсіп, 1984 жылы әскери борышын атқарып,...