Интернет желісінің тарихы өткен ғасырдың орта тұсынан бастау алады. 1957 жылы Америка Құрама Штаттарында Перспективалық жұмыстарды іске асыратын Агенттік (АRPA) құрылған болатын. АҚШ қорғаныс министрлігіне қарасты бұл агенттік әскери істермен шұғылданатын. Осы мәселемен шұғылданған ғалымдар Американың әр түрлі штаттарында орналасқан ғылыми зерттеу институттарының компьютерлерін бір-бірімен сенімді де тиянақты түрде байланыстыратын компьютерлік желіні құруды алдарына мақсат етіп қойды. Осы желі 1969 жылдың қаңтар айында іске қосылып, Америка Құрама Штаттарының әр түкпірінде орналасқан төрт компьютерді бір-бірімен бірнеше минутқа ғана байланыстырды. Аrpanet деп аталған бұл ақпараттық желі бір жылдан кейін ғана толыққанды жұмыс істей бастады. Аrpanet ғалымдарға бұрын болмаған тамаша мүмкіндіктер бере бастады. Мысалға бұл желінің көмегімен Техас штатыңда жұмыс істеп отырған зерттеуші ғалым өзіне қажетті ақпаратты алу үшін Аляскадағы әріптесінің компьютеріне сұраныс жібере отырып бар-жоғы бірнеше секундтің ішінде керекті жауабын алып отыратын. Аrpanet жел
Интернет желісінің тарихы өткен ғасырдың орта тұсынан бастау алады. 1957 жылы Америка Құрама Штаттарында Перспективалық жұмыстарды іске асыратын Агенттік (АRPA) құрылған болатын. АҚШ қорғаныс минис...