Сапарбекова Назира Қабланбековна 1989 жылы Түркістандағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищені «жалпы білім беретін мектептің бастауыш класын оқыту» мамандағы бойынша бітірді.
Еңбек жолын №1 А.Байтұрсынов мектебінен бастады. Ұстаздық еңбегін 2000 жылдан бері №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясында жалғастырып келеді.
Сапарбекова Назира Қазіргі таңда кәсіби біліктілігімен педагогикалық тәжірбиесін жетілдіріп ,оқыту мен оқудың жаңа тәсілін меңгеріп, сабақта шәкірттерінің шығармашылық іс-әрекеттерінің жеке дара жұмыстарын ұйымдастыру,іздену,зерттеу қабілетін ашу мақсатында жаңа технологияларды әр сабағында қолданып жүрген білікті маман.
Осының нәтижесінде облыстық, қалалық мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен марапатталған. 2006 жылы қалалық «Жыл сынып жетекшісі» байқауында І орынға ие болды.2006 жылы қалалық семинарда сабақ өткізіп
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбында іс-тәжірибесі қала көлеміне таратылды. 2007 жылы шәкірті Бабан Асылбек математика пәні бойынша қалалық олимпиададан І орын иеленді. Шәкірттері 2010жылы «Ақбота» интеллектуалды марафонында ІІІ орынға ие болды. 2012 жылы шәкірттерінің «Қуырмаш» журналына өлеңдері мен шығармалары жарық көрді. Шәкірті Зұлпықар Арайлым 2012 жылы «Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқауында ІІІ дәрежелі дипломен марапатталды. 2012 жылы « Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» тақырыбындағы облыстық ғылыми конференция жинағына «Жеке тұлғаны қалыптастыру» атты баяндамасы жарық көрді.
2014 жылы Халықаралық «Кенгуру» конкурсында шәкірті Серікбай Олжас ІІ орынды иеленді.