Мен 2008 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "информатика" факультетін аяқтадым. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, № 5 Күршім орта мектебінің екінші санатты информатика пәні мұғалімі қызметін атқарып келемін. Бүгінгі заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды жетік меңгеріп, өнімді сабақ жүргізу үшін үнемі ізденісте жүремін. Біліктілігімді арттыру мақсатында әріптестерімнің іс-тәжірибесімен алмасу сабақтарына қатысып, педагогикалық кеңестерде баяндама оқып, әдістемелік кеңестерде жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, білім жетілдіру курстарынан өтіп тұрамын.
«Шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттырудағы ресурстық орталықтың рөлі» тақырыбында өткен аймақтық семинарда қосқан үлесім үшін, Күршім ауданы білім бөлімінің мадақтама грамотасы, «Егеменді еліміздің дамуына үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі елеулі еңбегім үшін» мадақтама грамотасымен марапатталдым.«Білім берудегі инновациялық процестер» атты IV Республикалық конференциясына қатысып, «Интерактивті тақта» кешенін оқыту процесінде пайдалану» атты мақалам жүлделі I орынға ие болды.
Мен 2008 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "информатика" факультетін аяқтадым. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, № 5 Күршім орта мектебінің екінші санатты...