Пірәлі Лаззат Сүлейменқызы 1970 жылы Ордабасы ауданына қарасты,Темірлан елді мекенінде дүниеге келген.Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін 1987 жылы бітірген.М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына 1987 жылы түсіп,1992 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітіріп шыққан.Еңбек жолын 1992 жылы Амангелді орта мектебінде бастаған.1993 жылы Шұбар орта мектебінде,2002 жылдан бері Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді.Педагогикалық еңбек өтілі 24 жыл.Шәкірттерін еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуге,шығармашылыққа баулыды.Шәкірттері аймақтық және аудандық пәндік олимпиада жүлдегері атанған. Оқушылары «Абай оқуларында» жүлделі екінші орынды иеленді. « Жас ақындар» байқауына қатысып, алғыс хаттармен марапатталған. Ол- шығармашыл,еңбекқор,жауапкершілікті сезіне білетін талапшыл мұғалім.Өзінің ізденімпаздығы мен іскерлігінің арқасында зор құрметке ие болған жан.Оқушылардың ой-санасын дамыта отырып,сын тұрғысынан ойлауды жетілдірген.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында дебат,,саяхат,сайыс,сабақ түрлерін өтіп,олардың сөйлеу,ойлау қабілеттерін дамытып,шығармашылыққа баулып отырады.Сонымен қатар мұғалім өз жетістіктерімен ғана дараланбай,шәкірттерін де жетелеген маман.Өз пәнін жан-жақты игерген,оқушыға сапалы да,тиянақты білім беруде оқытудың белсенді әдістерін қолдана біледі.Әр сабақты терең шығармашылықпен білімге толы,мағыналы әрі қызықты өтеді. Оқушыларды даралап,саралап оқытады.Жаңа технология элементтерін сабақта тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын дамытуда шығармашылықпен жұмыс жасауда.Бүкіл саналы өмірін білім беру ісіне арнап,өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып келеді.Мұғалімдік шеберлігі мен жетістіктері ескеріліп,облыстық, аудандық білім беру мекемелерінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталған,