Пәні:әдебиеттік оқу Күні:16.10 Сыныбы:4 Мұғалім: А.Б.Нарымбетова
Сабақтың тақырыбы А.Байтұрсынов. Аққу, шортан һәм Шаян
Сілтеме
Оқу бағдарламасы, әдебиеттік оқу оқулығы 4-сынып, әдістемелік құрал, сабақ жоспары.
Жалпы мақсаттар Оқушылар мысал арқылы ынтымақ, бірлік туралы мағлұмат алады;
Мысалдан сыни ойлау арқылы қорытынды шығарады.
Міндеттері Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным деңгейін көтеру, тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында пайдалану, талдау тапсырмаларды өмірдегі жағдайларға сай қолдана білуге дағдыландыру;
Оқыту нәтижелері
А.Сыни тұрғыдан ойлау,болған жайды жан-жақты бағалай біледі,баға беруге үйренеді.
В. Тапсырманы талдап қорытынды жасайды.
С. Бірлік ,ынтымақ туралы өз ойларын дәлелді түрде қорғайды. Шығармашылық пен жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар
Бірлік, ынтымақ болмай іс оңбайтынын өмірде жадына тоқу.
Оқыту тәсілдері Сын тұрғысынан ойлау , топпен жұмыс, АКТ,диалог,сұрақ-жауап,Дарынды,талантты, жас ерекшелігіне байланысты тап.
Көрнекілігі Акт, смайликтер , бағалау парағы, постер , Микрафон, слайд, жіп.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдас-тыру 2 минут
Психологикалық ойын
«Сәттілік тілегі»
Әр топтағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір - біріне тілек айтады Топқа бөлу
Ендеше қазір суреттер бойынша топтарға бөлініп алайық.
1 – топ:Аққу 2 – топ:Шортан
3 – топ:Шаян.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» айдарымен сабағымызды жалғастырамыз.
- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер. Барлығымыз бірлесе отырып, жұмыс атқарамыз. Орындарына отырып әр топ өз 6 ережесін құрып алады.
Үй тапсырмасы
«Сұрақтары бар қорап»
3мин
Қауын мен қарбыз әңгімесі
Диалогтік әдіс
-Ертегі қалай басталады?
-«Дән –қауынның жүрегі» дегенді қалай түсінесің?
-Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?
-Бұл ертегіден нені түсіндің?
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру және өзін ,достарын бағалау
Білу. 2мин Бейнеролик.Мысалдың орысша видеосын көрсету.
Олай болса бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?
-Аққу ,Шортан һәм Шаян.
-Бұл құс,балық,шаян туралы не айтар едіңдер?
«Ой қозғау»
«Ойлан-бірік-талқыла» 3мин 1-топ: Аққу неліктен киелі құс деп аталады?
2-топ:
Шортанның басқа балықтан айырмашылығы бар ма,неліктен?
- 3-топ:
Қытай халқы шаян етін неге жейді?
- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000-нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен
қоректенеді.
Ендеше «Аққу,Шортан һәм Шаян» мысалын тыңдайық. (аудио тыңдату.) - Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады.
Түсіну. 5мин Мысал деп -адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады. Видеосын қосу.
Иван Андреевич Крылов
драматург
мысалшы
(1769-1844) - орыс жазушысы
Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды.. Крыловтың көптеген мысалдарымен таныстық. Атап айтсақ: Түлкі мен қарға,Әншілер,Піл мен Қанден,шегіртке мен құмырсқа т.б.
Байтұрсынұлы Ахмет
Қазақтың
ақыны
5қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы
әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Оқылым 4мин 3 топтан бір-бір оқушыға мысалды оқыту.
Қолдану
«Айналмалы бекет»
5мин Әр топқа тапсырма беру.
( Дарынды, талантты )
1-топ
Ынтымақ,бірлік, достық туралы мақал-мәтелдер жазу.
2-топ
Оқулықтағы сурет бойнша өлең құрастыру
3-топ
Өмірмен байланыстырып шағын эссе жазу.
«Түртіп алу» 3мин Сөздікпен жұмыс жасайды.
Һәм-және
Ғибрат-үлгі сөздерін дәптерлеріне жазады. Дәптерлеріне жазады.
«Жауабыңды дәлелде»
Мына пікірлерге «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап бер. Жауабыңды дәлелде.
1 А.Байтұрсынұлы «Қырық мысал» деген кітап жазған.
2 Жүкті аққу аспанға,шаян жерге,шортан суға тартады.
3 Аямай бар күшін салып тартқанда ,жүк орнынан қозғалып кетеді.
4 Бірінің айтқанына бірі көнеді.
5 Мысалда адамдардың арасында кездесетін алауыздық сыналады.
Сергіту сәті 3мин Бейнеклип арқылы жасату Оқушылар хормен айтып,бірге жасайды.
Талдау
«Әңгіме кестесін құру» 5мин Мақсаты : Сыни ойлай отырып өз ойларын жеткізу.
Мы-сал авторы Мысал аты Оқи-ға орны Кейіпкер-лер Мыс соңын-да не болды? Идея-сы Мысал бізге не үйретті?
Әр топқа бір-бір парақшадан беру.
Жинақтау 3мин Мысалды сахналау.
«Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.
Шортан айтады:
– Мұны көлге апарайық, - дейді.
Шаян айтады:
– Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор:
– Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»
Бағалау
2мин
Бағалау парақшалары арқылы топ басшылары ұпай сандарын айтады.
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
№ Аты-жөні 1 2 3 4 5 Ұпайы
Оқушылардың ұпайларын қосып жиынтық баға шығару.
Үйге тапсырма 2мин Мысалды жаттау
Кері байланыс 3мин
Оқушылар бес саусақ арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.