Бектау орта мектебінің
қазақ тілі мен
Мәдениет Ерболға
Пікір
Мәдениет Ербол 1976 жылы Монголия Республикасының Бай-Өлке аймағында дүниеге келген. 1995-1997 жылдары Ақмола педагогиклық колледжінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1998 жылы Казцик орта мектебінде алғаш рет қазақ сыныбын ашып, жолдасы Зайтхан Алтын екеуі 20 оқушыға қазақша білім беруге кірісті. Қазір осы мектепте 25 қазақ мұғалімі 170 қазақ оқушы білім алуда. Ол өзі көп жылдары мамандығы бойынша сабақ беріп, 2009 жылдан осы мектептің қазақ сыныптардың оқу ісінің меңгерушісі одан кейін 2012 жылдан бастап қазірге дейін мектеп директоры болып жұмыс жасап жүр. Ол осы қызметке тағайындалған соң мектептің білім сапасын көтеруге ат салысты. Осы ісі нәтижелі болып, мектебіміз ҰБТ бойынша соңғы орындардан алға жылжып, алғашқы жылы аудан бойынша 18 мектептен 6 орынға, келесі жылы 3 орынға биылғы жылы 2 орынға табан тіредік.Бұл оның мұғалімдермен ортақ тіл табысып, бірге жұмыс жасауының нәтижесі деп білемін. Осы жолда ол өз білімін жетілдіру үшін 2003 жылы Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқуға түсіп, өз мамандығы қазақ тілімен әдебиет мұғалімін бакалавриант бойынша 2006 жылы бітірді. Оның оқушылары жыл сайынғы аудандық олимпиадалардың жүлделі орын иегерлері сондай-ақ аудандық Мұқағали , Абай-Шәкәрім және Махамбет оқуларының бірнеше реткі Гран-при иегерлері, Облыстық Махамбет оқуының 2012 жылғы Гран-при иегері, Атырау қаласында өткен Республикалық Махамбет оқуларының ынталандыру сыйлығының иегерлері атанған оқушыларын үнемі сайыстарға өзі апарып қатыстырып оларға дем беріп, қолдау көрсетіп жүреді. Оқушылары аудандық тілді дамыту және тілде оқыту орталықтарымен бірігіп, олардың өткізетін сайыстарына үнемі қатысып отырады. Ол өз сабақтарын үнемі түрлендіріп өткізу үшін бар күш жігерін жұмсап, осы жолда білімін жетілдіріп отырады. 2007 жылы Көкшетау қаласындағы біліктілікті арттыру институтында өз білімін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жетілдірді. 2009 жылы Көкшетау қаласында «12 жылдық білімге көшу жағдайында мектепті басқару негіздері» атты директорлық курста білімін толықтады және де 2010 жылы Көкшетау қаласында «Лауазымға кіріспе» атты оқу ісі орынбасарларының курсын біліктілікті арттыру институтында оқыды. Оның еңбегін бағалап өз мектебінің, аудандық білім бөлімінің, аудандық тілдерді дамыту орталығының, аудандық тілді оқыту орталығының аудандық мәдениет үйі сияқты мекемелердің алғыс хаты мен дипломдарымен марапатталды. Өзі өлең жазуға құмар, өлеңдері аудандық газеттерде жарияланып тұрады. Ербол спорт ойындары баскетбол, теннис ойнауды жақсы көреді және өз ұжымымда үнемі ойнайды. 2012 жылы Республикалық ҰБТ сынағын алуға министрлік өкілі ретінде аудан атынан Тараз қаласына барып, ҰБТ сәтті өткізіп келуі мектеп үшін үлкен мақтаныш екені сөзсіз. Осы жылы білімін жетілдіру үшін Англияның Кембридж университетімен еліміздің Назарбаев интеллектуалды мектебінің бірлесіп оқытатын 3 айлық курсының 2-ші деңгейі бойынша Алматы қаласында оқып, оны сәтті аяқтап сертификатын алды. Енді өз мектебінің білім сапасын одан да жоғары деңгейге көтеруге бар мүмкіндігін жұмсайды деп ойлаймын.Оның 17 жыл еңбек өтілі, 1 санаты бар, осы жаңа оқу жылында жоғары санатқа өтініш беріп отыр. Өз білімін жетілдіріп өз мектебінің өркендеуіне, сапалы білім алуына өзінің үлесін қосып, болашақ жастарды білімді етіп шығаруға ат салысып жүр. Осы мақсат жолында қандай қиындықтар болса да жеңе алады деп айта аламын. Өйткені оған менің көргендерім мен алған білімдерім дәлел бола алады деп есептеймін.