Әр адам өсіп, есі кіре бастағаннан кейін дүниені танып білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы бұл дүниеден хабарсыз туған, оқи алмайтын, жаза алмайтын сәбиден ертеңінде, есейе келе оқымысты, ақылды, әлемді аузына қаратқан дана, ойшыл, ғалым да шығады. Осынау ақыл толықтырып, білімін шыңдау жолында ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді.Ол- өмірінің тең жартысын білім беруге жұмсаған ұстаз. Ұстаз деген - шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адам, «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Әр адам өсіп, есі кіре бастағаннан кейін дүниені танып білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы бұл дүниеден хабарсыз туған, оқи алмайтын, жаза алмайтын сәбиден ертеңінде, есейе келе оқымысты, ақылд...