Қазақ тілі 4-сынып
Сабақтың тақырыбы :Сөз таптары
Сабақтың мақсаты Оқушылардың сөз таптары және оның түрлері туралы білімдерін жинақтау, бекіту, танымдық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ана тілін сүюге , құрметтеуге тәрбиелей отырып, адамгершілік қабілетін дамыту.
Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу , елестету арқылы сауатты жазу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ертегі кейіпкерлері.
Сабақтың түрі: саяхат, аралас сабақ.
Сабақтың өту барысы
I.Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген материалдарды қайталау.
III.Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан өзгеше сабақ .Себебі біздің сыныбымызға қала мектептерінен қонақтар келіп отыр. Қонақтарға да ,өзімізге де бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп,сабағымызды бастайық.Балалар, күні кеше біз қандай мерекені тойлап едік? Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойладық?Олай болса мерекеміз құтты болсын, дей отырып ,сабағымызды ертегілер еліне саяхат жасаудан бастаймыз.
Ерте, ерте ертеде Көктебенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы Бәйтерек өседі екен.Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп киелі Самұрық құс жылына бір рет алтын жұмыртқа салады. Ол ұясынан ұшып тамақ іздеп кеткен кезде ,аңдып жүріп сол жердеі мекен еткен айдаһар жылан келіп сол жұмыртқаны жеп қоя береді. Бұған Самұрық құс қатты қайғырады. Балалар, міне бүгін де Самұрық құс ұшып кеткен сәтін пайдаланып айдаһар жылан ұяға жақын келіп жұмыртқаны жемек болып жатыр. Біз қарап отырмайық Самұрық құстың ұясына айдаһар жыланды жібермеуге,Самұрық келгенше жұмыртқаны аман сақтауға көмектесейік. Балалар оған біз біліміміз арқылы көмектесе аламыз.Олай болса ұяға дейін бірнеше бөгет жасалып қойған , онда тапсырмалар бар. Сол тапсырманы орындасақ біз жыланның жолын бөгеп кері қайтарамыз. Тапсырманы орындай отырып,Самұрықтың құпия сөзін шешеміз Олай болса бірінші тапсырмамыз арқылы айдаһардың жолын әдемі жазуымыз арқылы бөгей аламыз. Дәптерімізді ашып, көркем жазу сәтін бастайық.
Көркем жазу
Жандос ҚР тәуелсіздігінің жиырма үш жылдық мерекесімен сүйікті ата-анасын құттықтады.
Өзіміздің әдемі жазуымыз арқылы самұрық құстың алғашқы тапсырмасын орындай бастадық .Одан әрі мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Біз өткен сабақта күрделі сөз ,оның түрлері туралы өттік. Олай болса күрделі сөз дегеніміз не?(Екі не одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз деп атаймыз. Мысал келтір (Сарыарқа, темір жол)
2. Күрделі сөздің неше түрі бар? (біріккен сөз,қос сөз, қысқарған сөз) Олай болса балалар, мына сөйлемнен кім маған біріккен сөзді тауып береді? Жандос
3.Біріккен сөз дегеніміз не?(Екі не одан да көп түбірден құралған сөзді біріккен сөз дейміз)
3.Қос сөзді кім табады? Қос сөздің қандай түрлерін білеміз?(екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөз деп атаймыз,бір сөздің қайталануынан жасалады, Екі сөздің қосарлануынан жасалады, Күшейткіш буын арқылы жасалады)
3.Қысқарған сөз дегеніміз не? Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады)