Казахстан.Восточно-Казахстанская Область Кокпектинский район село Самарское воспитатель КГКП ясли-детсада "Дәншік" Кунанова Айнур Давлетхановна
ҰОІӘ технологиялық картасы
«Балапан» ересек тобы
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдері: Сауат ашу
Тақырыбы: Қорытынды сабақ
Мақсаты: Дыбыс,дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс,буын,сөз, сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Сөздерге дыбыстық талдау жасауды,сөздерді буынға бөлуді бекіту.Ойлау қабілеттерін дамыту. есту қабілеттерін жетілдіру. Ынталы болуға тәрбиелеу.
Билингвальдік компонент: лақ – козленок,доп – мяч,қарға – ворона.
Керекті құралдар: суреттер,үлестірмелі таратпалы материалдар,қызыл,көк текшелер.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотива-
циялық
қозғау-
шылық
-Кәне,көздеріңді жұмып,үндемей тұрыңдар.
-Нені естідіңдер? (Балалар естіген дыбыстарын айтады.Мысалы машинаның гүрілі,иттің үруі,ыдыстың сылдыры т/б) Тәрбиеші дабылды соғып,балалардан сұрайды,олар мынау музыкалық дыбыс екенін айтады.
К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін айтып беру.
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді.Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді...
Бір кезде қатты жел соқты.Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? У-у-у
Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.
Қандай дыбыстар естіледі? Ш-ш-ш
Тоғайда жүру өте қиын болды.
Маса ызыңдап, мазасын алады. З-з-з
Ескендір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р-р-р
Ескендір айналасына қарады.Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат шегіп, ысылдап тұрған жыланды байқады.С-с-с
Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді.Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады.
Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар -Ж-ж-ж.
Ескендір ала бұзауын шақырады.-Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші: Ауқау-ауқау!
Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.
Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік,біз дыбысты қайтеміз? Ал сөз неден құралады? Сөз – дыбыстардан құралады.Дыбыстарды қалай ажыратамыз? (дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс) А,ә,о -дауысты дыбыстар. Өйткені олар созылып әндетіп, кедергіге ұшырамай айтылады. Қ,б,д - дауыссыз дыбыстар,өйткені олар қысылып кедергіге ұшырап айтылады. Көздерін жұмып,дыбыстарды естиді,ненің дыбысы екенін айтады.
Әңгімені тыңдайды.
Дыбыстарды айта
ды.
Біз дыбысты естиміз, айтамыз.
Ұйымдас-тыру
Іздестіру
Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады?» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады. Жемістер,көкөністер суреттері.
Суретте не бейнеленген?Сол сөздерді буынға бөлейік.
Сергіту сәті.Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сендер « А» дыбысын естігенде қолдарыңды шапалақтаңдар. Естігенде аяғыңды тыпырлатыңдар,т.с.с қимылдар
О-О-О-У-У- У-А-А-А-Э-Э- Э-Ы-Ы- Ы А-А-А- Т –Т-Т-М-М-М А-А-Я -Я- Ө- А- Е.
«Лақ» сөзіне дыбыстық талдау.
Тақтаға кезек-кезек үш бала жұмыс істейді, басқа балалар орнында текшелермен жазады.
-Лақ сөзінде неше дыбыс бар? (3)
- Оны қайдан білдіңдер? (Өйткені,3 ұяшық тұр.)
1- бала:ЛЛЛақ.Л- дауыссыз дыбыс,өйткені қысылып кедергіге ұшырап айтылады. Көк текшемен белгілейміз.
2 бала:Лааақ.А -дауысты дыбыс. Ол өйткені созылып әндетіп, кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.
3-бала:Лақққ.Қ - дауыссыз дыбыс,өйткені қысылып кедергіге ұшырап айтылады. Көк текшемен белгілейміз.Оқимыз.Әр бала өз текшесімен оқиды.
- Қанша дауысты дыбыс,қанша дауыссыз дыбыс?
- Бірінші дауыссыз дыбысты орнына алып,саламыз.
- Қандай дыбыс? Л– дауыссыз дыбыс.
- Екінші дауыссыз дыбысты орнына алып,саламыз.
- Қандай дыбыс? Қ – дауыссыз дыбыс.
- Дауысты дыбысты орнына алып,саламыз.
- Қандай дыбыс? А – дауысты дыбыс.
- «Доп» сөзімен сөйлем құрастырып көрейік.
Тәрбиеші: менің добыма қараңдаршы. Ол туралы не айтуға болады? Түсі қандай, көлемі ше?
- Көк, қызыл,үлкен,домалақ,әдемі.
- М,с,б дыбыстарына сөз құра. Сөздің қай дыбыс
тан басталғанын айтады.
Сөздерді буынға бөледі.
Қимылдарды көрсетеді.
Указкамен көрсете
ді.
Сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Сөйлем құрайды.
Сөздер ойлап таба
ды.
Рефлек-
сивті тү-зетушілік
-Біз бүгін сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
- Балалар,сендерге қандай тапсырма ұнады?
- Сен өзіңді сабаққа қалай қатыстым деп ойлайсың?
Рахмет айтып сіздерге,күлкімізді сыйлайық.
Көріскенше күн жақсы ,аман есен болайық! Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Не біледі: Дыбыс,дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс,буын,сөз, сөйлем туралы.
Қандай түсініктерді игерді:
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөздерді буынға бөлу.