Китанов Аскар Серикбаевич 1990 жылы 1 тамызда Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келді. Ойыл қазақ орта орта мектебін 2008 жылы бітіріп, 2008-2012 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде мамандығы бойынша оқыды. 2012 жылы Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Осы уақытқа дейін мектепте үздіксіз қызмет етіп келеді. «Физика сабағында жеке тұлғаның өз бетіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру» өзекті мәселесі бойынша жұмыс жасайды.
Аскар Серикбаевич заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды толық меңгерген.
Сонымен бірге ол дайындаған оқушылар физика пәнінен пәндік аудандық олимпиадалардың жүлдегерлері, ҰБТ тапсыруда оқушылары жоғары ұпайлар жинауда. Көпшілігі жоғары оқу орындарының студенттері.
Осындай істерінің нәтижесінде ол мынадай марапаттарға ие:
2014ж – «Жылдың үздік жас маманы-2014» мектеп директорының сертификаты.
2013-2014 оқу жылында шығармашылықпен жұмыс жасап, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қол жеткізген табыстары үшін Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы.
2014ж – ауданның білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хаты.