Эсс
Эссе
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»
Абай
Мен, Есенбаева Үмітжан Солтанқызы еңбек жолымды 1988 жылы Уәлихан ауданына қарасты Қайрат кеншарының мектебінде мамандығым бойынша бастадым.
Жастайымнан ұстаз болуды арман еттім.Арман биігіне қол жеткен соң аянбай еңбек етуге тырыстым.
Өмір өлшемін саралау, өткен күннің белгісін тек алдыңдағы шәкірттеріңнің өсіп, ержетіп алдыңа жаңа бір оқушы жиналғанда ғана бір сезгендей боласың.Осылай жылдар, күндер өткен сан алуан сағаттардың қалай күнделікті өтіп жатқанын сезіну ұстазға қиын ба дедім...Себебі менің осы ұстаздық өмірімдегі өткен күндерім мен үшін қызықты да, жеңісті, жеңіліс пен жемісті сыйға қоса тартқан күндер.Осы жылдар арасында алдымнан ұшқан шәкірттерім бүгінгі күні Отанына қызмет етіп республикамыздың гүлденуіне өз үлестерін қосуда.
Бүгінгі өмір талабына қойылып отырған талап- жаңа өмір адамын тәрбиелеу. Жан- жақты дамыған, қиын тығырықтан жол тауып, өзін- өзі қорғай білетін тұлға тәрбиелеу керектігі көзделген.
Ал бала тәрбиесі бесіктен демекші осы жасөспірімдерді тәрбиелеу жолдарын да саралап, електен өткізіп, әр баланың қабілетін түсініп жеке топпен жұмыстар жүргізуге тура келеді.
Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.Оқытатын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да,мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейтіні сөзсіз. Сондықтан сабақ құрылымының бағдарын, түрін отырған оқушыларыма сай қылып жасауға тырысамын.
Жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болғандықтан тақырыбымды да «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» болды.Бұл тақырыпта көптеген материалдар жинақтап, әріптестерімнің ортасында пікір алмасып, тараттым. Оқушылармен жүргізген жұмыстарым өз жетістігінің нәтижесін көрсетті.Облыс көлемінде, қалапық сайыстарда шәкірттерім жүлделі орындарға ие болып, жүзден жүйрік атанып танымал болды.
,
Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Оқушыларға аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан да болар мектептегі оқушылар мені қатты сыйлайды, жақсы көреді, айтқанымды екі етпейді, мені ренжіткілері келмейді. Әлде қашан мектеп бітіріп кеткен түлектер де көре қалса өздерінің маған деген ыстық ықыластарын білдіріп жатады. Ал, енді өзім жетекшілік ететін сынып оқушыларыммен қарым-қатынасым ол тіптен ерекше. Сынып оқушыларымның ата-аналарымен де тығыз байланыста боламын. Сынып оқушыларының ата-аналары бала тәрбиесіндегі ортақ мақсатты түсінген, сондықтан олармен жұмыс істеу маған жеңіл