Машықтан өту барысында жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқарып, шығармашылық тапсырмаларды үлкен ізденіспен орындайды. Лагерь тәрбиеленушілерімен тез тіл табысып, түрлі спорттық, мәдени және танымдық ойындар мен шаралар өткізіп отырды. Алғашқы күні лагерь жұмысының онкүндік жоспарын құрып, өз жұмысын бастап кетті. Мұғалімдермен біріге отырып, «Бал балалық шақ» тақырыбындағы лагерьдің ашылу салтанатын өз деңгейінде өткізіп, оқушылармен саябаққа саяхат жасады. Патриоттық тәрбиеге шақыратын «Менің елім», «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы», қоршаған орта табиғатын аялауға шақыратын «Табиғат тамашалары», достық пен ұйымшылдықты насихаттайтын «Дос және достық», шығармашылық қабілеттерін дамытатын «Сиқырлы суреттер», «Лагерь аруы», «Сенің жұлдызды сәтің» секілді түрлі шаралар өткізіп, балалардың демалысын қызықты өткізуге атсалысты. Эстафеталық ойындар өткізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық жарыстар да ұйымдастырылды.
Самат - өз ісіне ұқыпты, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, жаңалықтарға жаны құмар шығармашыл тұлға.
Саматтың болашақта білікті маман иесі боларына мол сенім артамыз.
Машықтан өту барысында жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқарып, шығармашылық тапсырмаларды үлкен ізденіспен орындайды. Лагерь тәрбиеленушілерімен тез тіл табысып, түрлі спорттық, мәдени жә...