Калжанов Нурлан Кенесович 1968 жылдың қазан айының 27 жұлдызында Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Қарабұтақ ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Қарабұтақ орта мектебін тәмамдап, Ақтөбе педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне химия, биология мамандығына оқуға түсіп, 1992 жылы аталмыш оқу орнын химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Өзі білім алған Қарабұтақ орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады.
Нурлан Кенесович Ақтөбе медициналық колледжінде 2009 жылдан бастап химия пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа қабылданды. Осы уақыт аралығында оқытушы Н.К.Калжанов өзінің шығармашылық ынтасымен, ізденімпаздығымен, қоғамдық шараларға белсене атсалысумен көрінді. Студенттерді ҚР КҒА ғылыми-тәжірбиелік конференцияларына, пәндік олимпиадаларға дайындап, жүлделі орындарды иеленді. Студенттерге арнап химия пәнінен оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік құралдар, тесттер, есептер жинағын құрастырды.
2015 жылы Ақтөбе облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Үлгілі педагог отбасы» байқауына Калжановтар отбасы белсене қатысып дипломмен марапатталды.
Нурлан Кенесович – өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу ісінде оқытудың жаңа технологияларын өз тәжірибесіне тиімді қолданып жүрген ізденімпаз ұстаз. Өзінің педагогикалық қызметін топ жетекшілігімен де үйлесімді ұштастырады. Ол 314 «Мейірбике ісі» тобының топ жетекшісі ретінде студенттердің тәрбие жұмысына үлкен мән береді. Студенттердің де, оқытушылардың да арасында Н.К.Калжанов абыройлы, беделді ұстаздардың бірі.
Калжанов Нурлан Кенесович 1968 жылдың қазан айының 27 жұлдызында Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Қарабұтақ ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Қарабұтақ орта мектебін тәмамдап, Ақтөбе педагогикалы...