Казиева Алмагуль Балшыбаевна, 1973 жылы,
14 ақпанда Гурьев облысында туылдым. Ұлтым – қазақ.
1980 жылы А.Е.Баутин атындағы орта мектебінің
1-ші сыныбына қабылданып, 1990 жылы 11-ші сыныпты
аяқтадым.
1990 жылы алғашқы еңбек жолын «Ромашка»
балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі қызметінен
бастадым.
1992-1997 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау университетінің филология факультетінің
қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін аяқтадым.
2004-2007 жылдары Баутин поселкесі әкімінің
бас маманы қызметін атқардым.
2007-2009 жылдары МКҚК «Ақбота» балабақшасының
директоры, 2009-2010 жылы Түпқараған аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы, 2010-2013 жылдары МКҚК «Айгөлек»
балабақшасы директоры қызметтерін атқардым.
2010-2012 жылдары Шымкент университетінің
құқықтану бөлімін аяқтадым.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап
А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі директоры
қызметіне тағайындалдым.
Отбасын құрғанмын, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырмын.