«Адамға тіл, құлақ қандай керек болса....білім де солай керек»- деп А. Байтұрсынов айтқандай біздің болашағымыз білімде. Біздің елдегі білім беру жүйесі мемлекеттік бағдарламаның нақты мақсаттары мен міндеттері өзгеріс пен нәтижеге бағытталған. Жаңа форматтағы жасалған деңгейлік курс бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйретеді. Жеті модульді болашақта тиімді пайдалану мақсаты: оқушыларды өзін-өзі реттеуге, сыни ойлауға, бағалауға, көшбасшылыққа, ынтымақтастыққа қабілетін дамытуға, алған білімдерін өмірде пайдалануға бағыттау және де құндылықтарды сақтай отырып тәрбиелеу. Болашақта жеті модульді тәжірибемізде толық меңгерсек, әрине оқушыларымыздың білім деңгейі заман ағымына қарай дамып, дербес тұлға қалыптасатынына сенемін.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деп, Елбасының қанатты сөзінен бүгінгі күнде ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсіндім. Ендеше, алдағы таңда қажырлы еңбек етіп ұрпағымызды білім нәрімен сусындатайық.
«Адамға тіл, құлақ қандай керек болса....білім де солай керек»- деп А. Байтұрсынов айтқандай біздің болашағымыз білімде. Біздің елдегі білім беру жүйесі мемлекеттік бағдарламаның нақты мақсаттары м...