Жексемалиева Айкерім Ғилажқызы Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің 1 санатты, 3 деңгейлі бастауыш сынып мұғалімімін.Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие жолында аянбай, жалықпай еңбек етіп жүрген ұстаздардың бірімін. Менің еңбектегі бар бақытым алдымдағы шәкірттерім. Шәкірттерімнің сапасы менің шығармашылығым, саналы тәрбиесі менің жақсылығым.Сондықтан да мамандық таңдауда еш жаңылыспадым деп айта аламын.
Жанұямда жолдасым, төрт қызым, бір ұлым бар. Үш қызым тұрмыста, екі жиенім бар. Бәрі де бір-бір мамандық иесі. Ұлым Атырау гуманитарлық университетінің заң факультетінде 3 курс студенті.Кенже қызым Еркінқала орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Бос уақытымда гүл өсірумен айналысқанды жақсы көремін.Соған дәлел Дүниетану кабинетін жасақтадым.Жалпы менде бос уақыт бола бермейді. Үйде мал бағумен айналысамын. Жігітке жеті өнер де аз дегендей, іс істеумен айналасам. Жиендеріме шұлық, кеудеше тоқып беремін.
Жексемалиева Айкерім Ғилажқызы Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің 1 санатты, 3 деңгейлі бастауыш сынып мұғалімімін.Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие жол...