Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: «Таным» , «Қатынас».
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Математикадағы жеті түсті гүл.
Мақсаты :
1. Балаларға тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту, логикалық ойлауларын және зейіндерін дамыту.
2.Есеп шығару,7-ге дейінгі сандық және реттік санау дағдыларын жетілдіру, апта атауларын атау, геометриялық пішіндерді ажыратып, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытып, сөздік қорын молайту.
3.Ұқыптылыққа, жылдамдыққа, бір-бірін тыңдап есту, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Жеті түсті желекті гүл, алма ағашы, сандар, жеті қабатты үй, геометриялық пішіндер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік.