Мен Жангирова Улбике Изтелеуовна 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің тарих мамандығын үздік аяқтап, жоғары білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес Тасқала ауданы, Мерей ауылындағы ЖББ Шипов орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, үкімет тарапынан жастарға берілетін қаржылай әлеуметтік көмек алып үй алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды алаламай сүйе білуді үйрендім. Мен қазіргі уақытта «Оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы қалыптастыра отырып, оларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу» атты әдістемелік тақырып бойынша жұмыстанып келемін. 2013-2014 оқу жылында мерзімінен тыс аттестациялауға тапсырып, тесттен өтіп, білім беру ұйымының аттестаттау комисиясының тұжырымы бойынша ІІ санатты ұстаз атандым.
Ұстаз – оқушыға білім бере отырып, балалардың досы, олардың ақылшысы, рухани жетекшісі болуы тиіс. Осы мақсаттарға жету барысында жан-жақты ізденіп, әр сабағыма ұқыпты дайындалуға тырысамын. Менің шәкірттерім аудандық пәндік олимпиададан 2014-2015 оқу жылында Қазақстан тарихы пәні бойынша Избанова Анеля 2 орын, Қанатов Қуандық 3 орын, құқық пәні бойынша Рамазанова Нұрдана 3 орын иеленді. Ал аудандық пәндік ғылыми жоба жарысында 2013-2014 оқу жылында Абуова Жадыра 1 орын иеленді. Сонымен қатар ҰБТ-ге дайындаған шәкірттерім де жақсы жетістіктерге жетуде. 2012 жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша білім сапасы 100 пайыз. Орташа балл – 17.5 болды Бұл көрсеткішпен Қазақстан тарихы пәндерінен аудан бойынша ІІІ орында болатын. Ал 2014 жылғы ҰБТ көрсеткіші бойынша білім сапасы 100 пайыз, орташа балл – 20.4 болып, бұл көрсеткіш Қазақстан пәндерінен аудан бойынша І орында болатын. Қазіргі таңда ҰБТ-ге дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы жылы дүние жүзі тарихын таңдаған оқушы Избанова Анеля байқау сынағынан жақсы балл жинауда.