Даригалиева Гулжазира Сагиновна 1991 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолында шәкірттеріме саналы тәрбие, сапалы білім беруде жеткен жетістіктерім де аз болған жоқ.
2009 жылы «Оқушыларды әдебиет сабағында сахналық өнерге тәрбиелеудегі іс-тәжірибемнен» тақырыбында жазылған аудандық педоқуға қатысып ІІІ орынды иелендім.
«Жыл мұғалімі-2009» аудандық байқауына қатысып, «Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаушы» номинациясы бойынша марапатталдым.
2009 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық білім сайысында Нұрадинова Нұргүл ІІ орынды, Дарханбаев Ақылбек ІІІ орынды иеленді.
2010 жылы аудандық Жылыой аудандық білім беру және кәсіподақ ұйымының«Құрмет граммотасымен» марапатталдым.
2010 жылы Республикалық «Адамдық борышың...» тақырыбында Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани қазынасын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым.
2010 жылы № 22 мектептің кәсіподақ ұйымының «Құрмет граммотасымен» марапатталдым.
2011 жылғы Жылыой ауданы білім бөлімінің 4 сәуір № 251 бұйрығымен «Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» лауазымы берілді.
2011 жылы Жылыой аудандық білім беру және кәсіподақ ұйымының«Құрмет граммотасымен» марапатталдым.
2011 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық педагогикалық олимпиадасының
ІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.
2011 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасының «Құрмет граммотасымен» марапатталдым.
2012 жылы Жылыой аудандық білім беру және кәсіподақ ұйымының ынталандыру сыйлығымен марапатталдым.
2014 жылы «КАТЕV» Халқаралық қоғамдық қорының қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының І кезеңінде, «Тілші-әдебиетшілер» конкурсында қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгергені үшін 11 сыныптағы оқушым Нұрадинова Нұргүл І орынды дипломмен марапатталып, облысқа жолдама алды. Облыстан жүлделі ІІ орынды иеленді. Қазіргі таңда Х. Досмұхамбетов атындағы жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бөлімінің ІІ курс студенті, грант иегері.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп ұлы Абай бабамыз айтқандай, ұстаздық жолдың қызығы мен қиыншылығы жолында қаншама шәкірттердің жүрегіне жол тауып, оларды қазіргі жедел дамыған тәуелсіз еліміздің бір-бір кірпіші етіп қалау – әр ұстаздың парызы деп білемін.