Мұғалім әр сабақты қызықты, өмірдің өскелең талабына сай, жаңа технологияны басшылыққа ала отырып өткізу керек. Оқушылардың ойлау қабілеттерінің арттыруға арналған оқу бағдарламасындағы материалдарды өмірімен байланыстыра өткізіп, оны күнделікті сабақта пайдаланған жөн. Төменде осындай бір сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру;
2) Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйренуге және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
3) Тәрбиелілік: Топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке баулу, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.