Дүниеде көптеген мамандық иесі бар.Сол мамандықтың ең қиыны да құрметтісі - мұғалім мамандығы деп айтсам қателеспеймін.Себебі барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап. сапалы білім берумен қатар өмірге дұрыс бағыт – бағдар бере білетін жан.Жас ұрпақтың тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адамзат болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бар.
Ел басқарған әкім, ақылгөй қарияларымыз да ұстаздан тәлім алып, өзі де кейінгіге ұстаз болған.Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, үлкен өмірге қадам басқанша ұстаздың бойыма сіңірген сарқылмас білімі мен білігінің арқасында шынайы өмірге шындалып өзімде сол ұстаздардың үмітін ақтау үшін шәкірт тәрбиелеп, сол шәкірттерімнің мен берген білім мен тәрбиенің арқасында тәуелсіз елімізге еңбегі тиер азамат етіп тәрбиелеу.Алдыма келген әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде қарап. оған жан -жақты білім беріп,оны зерттеп, оның өмірге деген бейімділігін арттыру.
Ең алғаш еңбек жолымды ауылдағы «қара шаңырақ» аталатын Бақанас орта мектебінен бастадым. Ол мектептің тамыры тереңнен нәр алған, қаншама ел басқарған азаматтар мен азаматшалар сол алтын ұядан ұшқан. Сондықтан да мен алғаш келгенде өзіме жүктелетін жүктің ауыр екенін сезіп, бар кұш-қуатымды алдыма келген шәкірттерме жұмсадым.Оқушы білімінің алғашқы білім баспалдағы мықты қалану үшін аянбай еңбек етіп келемін.Осы еңбегімнің арқасында оқушыларым аудандық,облыстық Кіші ғылым академиясына,республикалық"Ақбота". халықаралық "Золотое Руно","ПОНИ"байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келедіі. Оқушыларымның жеткен жетістігі менің еңбегімнің жемісім болса менің жеткен жетістігім менің ұстазымның жетістігі.Ұстаз еңбегі әрқашан жоғары тұрады барлығынан. Шәкіртім менен алған білімдерін өз кәдесіне жаратып, өмірде өз жолын адаспай таба білсе менің мақсатымның орындалғаны деп білемін.
Бекмолдаева Нагима Нуркыдыровна Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылы №1 Бақанас орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі