Бекимова Жанат Болатқызы 1974 жылы 4 сәуірде Атырау облысы Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде "физика - математика - еңбек" пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап шығады. Аталған оқу орнын бітірген соң, Құланды орта мектебінде ұстаздық қызметін бастайды. Құланды орта мектебінде физика пәні мұғалімі бойынша орналасқан күннен бастап, өзінің жан-жақты ізденімпаз ұстаз екендігін дәлелдеп, аудандық, облыстық дәрежедегі олимпиадалар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, оқушылары да талай аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпаздары. Қазіргі таңда еңбек өтілі - 18 жыл. Жоғары санатты физика пәні мұғалімі.
Бекимова Жанат Болатқызы 1974 жылы 4 сәуірде Атырау облысы Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде...