Мен Байгулова Акерке Асанбекқызы Гуманитарлық-педагогикалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін.Мемлекеттік тіл қазақ тілі.12 -17 қыркүйек аралығында мерекеге байланысты «Ана тілім – жырым, асыл мұрам» атты кітаптар көрмесін кітапхана қызметкерлері Б.Ибраева, Э.Әкімова ұйымдастырды.
«Қазақстан – достық мекені» атты суреттер көрмесін Б.Тынысбаева, «Ана тілі – еркіндігің, теңдігің!» атты шығармалар көрмесін қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері ұйымдастырып, сонымен қатар қабырға газеттерін шығарды.
19- қыркүйек күні «Ана тілі – жүрек үні» атты әдеби – сазды кешпен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.К.Сыздықова апталықтың бірінші күнін бастап берді. Кешке 5 – 8 сыныптардың оқушылары қатысып, тіл туралы өлеңдерді жатқа айтып, ұлттық әндерді хормен орындап, тыңдаушылардың жүрегіне жеткізе білді. «Айгөлек» ән –би байқауының жүлдегері Ф.Сыздықова ұлттық билеріміз бен өзге ұлт билерін билеп көрермендерді бір сергітіп қойды. Кештің аяқталар сәтінде қорытынды сөзді тәрбие ісінің меңгерушісі Қ.Ібішева айтып, өз бағасын жақсы деп берді.
Бұл өткізілген екі кештің мақсаты: тілімізді әрқашан құрметтеп, қадірлеп, «қазақ елінің болашағы – қазақ тілінде» екенін көрсету еді.