Базарбаева Нұрғайша Өмірханқызы
ЖББ Қазақстан негізгі орта мектебі
7-сыныпта өткізілген сабақтың сараптамасы.
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларын қайталау»
Сабақтың мақсаттары
Оқытушылық: 1.
1. Бірмүше және көпмүше туралы өткенді қайталау.
2. Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру.
3. Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдана білу.
4. Қысқаша көбейту формулалары бойынша бақылау жұмысына дайындық.
Тәрбиелік: шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорыта білуге үйрету.