Өмірбаян
Мен, Ахметжанова Нұргүл Оразғалиқызы 20 сәуір 1975жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы Қызылту совхозында өмірге келдім. Қарапайым отбасынан шыққанмын. Біз отбасында 10баламыз,7қыз,3ұл бала. Әкемнің аты- Оразғали, анамның аты -Фарида. Екеуіде өмірден кетіп қалды.1981жылы мектеп табалдырығын аттадым.1991жылы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептен 11сыныпты бітірдім. Бір жыл ауылда байланыс бөлімшесінде жұмыс істедім. 1992жылы Сарқан қаласындағы Мәдениет училищесінде кітапхана бөліміне оқуға түстім.Оқуды бітірген соң,Сарқан қаласындағы Ақын Сара мектебіне жұмысқа тұрдым.Мектепте 8жыл жұмыс істедім.Жұмыс істей жүріп, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік Университетіне сырттай бастауыш сыныпта оқыту методика бөліміне оқуға түстім. Ол жерде бес жыл оқыдым. Оқуды бітірген соң,"Балдырған "балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмысқа тұрдым. 2010жылдан №1мектеп-гимназиясына бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін.Жұмысым, ұжымым өзіме ұнайды ,қазіргі уақытта бірінші сыныпқа сабақ беремін.Сыныбымда 18 оқушы бар.Шәкірттерім жаман емес.Тұрмыстамын.Үш балам бар,екі қыз,бір ұл.1994 жылы сәбилі болдым.Ұлымның аты-Ілияс, Алматыда байланыс бөлімшесінде жұмыс істейді.Бірінші қызым Ғалия,Алматы қаласында медициналық университетте оқиды.Кіші қызым Бірғаным 4сыныпта оқиды. Жолдасым жүргізуші болып жұмыс істейді.
Өмірбаян
Мен, Ахметжанова Нұргүл Оразғалиқызы 20 сәуір 1975жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы Қызылту совхозында өмірге келдім. Қарапайым отбасынан шық...