Сайыста пайдаланылған мақалдармен жұмбақтар топтамасы.
«Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы» «Қазаныңа не салсақ, шөмішіңе сол ілінер», «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама», «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды», «Ауру батпаңдап кіріп, мысқапдап шығады», «Ауруын жасырған өледі», «Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый», « Ауырып тұрдың аунап тұрдың», «Сәтін салған ауруға, не болса сол, ем болар», «Тұмау аяғы құрт, тұман аяғы жұт», «Іздеп алған аурудың емі табылмас», «Тазалық – саулық негізі, саулық байық негізі», «Жан ауырса - тән азады, қайғы болса – жан азады», «Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің», «Нан - тамақтың атасы, ынтымақ - көптің атасы», «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде», «Көз - адамның айнасы, астың бар ғой пайдасы», «Емнің алды – еңбек», «Ауырып ем ізегенше, ауырмайтын жол ізде», «Тыста ұзақ жүргенің, ұзақ өмір сүргенің», «Тәннің ләззаты – саулығында, жанның ләззаты біліміңде», «Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман», «Жалқаулық - жаман ауру», «Айналдырған ауру алмай қоймас», «Ауырып жазылған жан олжа, жоғалып табылған мал олжа», «Арық еттің сорпасында дәмі болмайды ақылсыздың сөзінде мәні болмайды», «Жұғын бар жерде – шыбын бар, шыбын бар жерде – шығын бар», «Бас аманда мал тәтті, бас ауырса, жан тәтті», «Сырқат – тән жарасы, қайғы жан жарасы», «Ащы еңбектен тәтті нан», «Жақсы жұмыс жанға тыныс», «Тарта жесең тай қалар, қоя жесең қой қалар, қоймай жесең, нең қалар».
Осымен «мақалшылар сайысы» аяқталып, жеңімпаз оқушы анықталады.