«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көр-ген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»-деген екен Әл-Фараби бабамыз.
Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі – ұлтжанды, есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады.
Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады.
Біздің бүгінгі бүлдіршіндеріміз – еліміздің ертеңгі тірегі, болашағы. Сол себепті бүгіннен бастап біз Қазақстан Республикасының кішкентай азамат-тарын тәрбиелеуді жан-жақты ойластыруымыз қажет. Азаматтық, отансүй-гіштік қасиеттерді тәрбиелеудің ең басты мәселелерінің бірі - өз мемлекетінің тіліне деген құрмет.
Мен қазақ балабақшасында он жылдан астам тәрбиешілік еңбек етіп келе-мін. Балабақшада тәрбиеші болу – кез келген өнер сияқты көп қырлы және ауыр еңбек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тәрбиешінің түрлі рөлдерге жиі енуіне қажеттілік болып жатады: балалар үшін ол барлығын білетін ұстаз да, ойын кезіндегі жолдасы да, жан-дүниеңді түсінетін және қиын сәтте қол ұшын беретін жақын адам да. Тәрбиеші дегеніміз – балалардың ақыл сұрап баратын данасы, ересек досы.
Менің ойымша, жақсы тәрбие беру – бұл бақшадағы материалды меңгерудің жоғары көрсеткіштері ғана емес, ең біріншіден ол – балалардың қуануы, күлімдеуі. Баланы сүйе білу дегеніміз – ол көп ойлану, іздену, қандай да бір жаңа жолдарды ашу, керек десеңіз үйреншікті әдеттеріңді өзгерте білу. Педагог болу – біреуді де сүйе білу, және өзіңді де құрметтеу. Өйткені бойыңдағы қасиеттерің сенің балаға беретін тәрбие-тағлымыңа тікелей әсер етеді емес пе? . Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.
Мен бақытты тәрбиешімін!