Мен, Алгазина Роза Каскабаевна, Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінде биология-химия пән мұғалімімін. Мектепте 1992 жылдан бастап жұмыс атқарып келемін,22 жыл еңбек өтілім бар. Жоғары санатты мұғалім. Қазіргі кезде 10-11 кластарға сабақ беремін. Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған.
Мен, Алгазина Роза Каскабаевна, Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінде биология-химия пән мұғалімімін. Мектепте 1992 жылдан бастап жұмыс атқарып келемін,22 жыл еңбек өтілім бар. Жоғары санатты мұғалім....