Айтмагамбетова Динара Талаповна еңбек жолымды 2004 жылы Шектібай негізгі мектебінен бастадым. 2006 жылдан бастап Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББ мектебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін.
Білімім арнаулы орта. Еңбек өтілім 10 жыл.
Өз пәнімді шәкірттеріме меңгертудегі ізденіс тақырыбым:
«Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру». Осы мақсатта «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассосациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығына қатысып куәлік алдым. Айналысатын ізденіс тақырыбыма сай оқушылардың қызығушылық қабілетін арттыру мақсатында дәстүрлі емес сабақ түрлерін, сонымен қатар қазіргі қоғам талабына сай оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді және оқу мен жазуда сыни тұрғыдан ойлау жобасының әдістерін өз тәжірибемде қолданып жүрмін.
Әр сабағымда оқушылардың логикалық ойлауына, білімді өз бетімен ізденіп меңгеруіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне , өз беттерімен әрекеттенуіне ықпал жасап отырамын. Сабақ үрдісіне оқушылардың топпен, постермен жұмыстану дағдыларын арттырып отырамын.