Аймашова Ақманар Қалыбекқызы – өз ісінің шебері, тынымсыз еңбегінің арқасында шәкірттерінің жүрегіне із қалдыра білген білгір педагог. Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді,педагогикалық тәжірибені оқып-үйренуге ерінбейді, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін өз қызметінде тиімді қолданады. Өз білгенін әріптестеріне айтудан жалықпайды.
Ұстаз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде өз сабағын қызықты өткізіп қана коймай, шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, шығармашыл тұлға қалыптастыра білген, педагогикалық технологияның қыр-сырын жете меңгерген, үнемі ізденіс үстінде жүретін білікті маман. Ұстаз оқу бағдарламасының талаптарына орай шәкірттерінің пәнді тиянақты меңгеріп, өмірде алған білімін пайдалануына баса назар аударады және «..Оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту» атты әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанып келеді. Өз пәнін оқушының қызыға, асыға күтетін сабағына айналдырған.
Оның сабақтарының ерекшелігі – жаңа материалды жан-жақты түрде, басқа пәндермен, ғылыми жаңалықтармен байланыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында өздік жұмыстарды түрлендіруі, бір-біріне жалғасып жатқан сабақтастығында. Оған куә: 7-сыныпта өткізген «Сын есімнің шырайлары» , «Тіл тағдыры – ел тағдыры» сайыс –сабағы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Б.Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» сабақтары т.б. ашық сабақтарында оқытушы білім деңгейін шығармашылық сатыға жеткізу мақсатында жаңа технологияның алуан әдістерін (стратегияларын) іскерлікпен қолдана білді. Әр тараудан кейін оқушылар шығармашылық әр түрлі бағытта, әр түрлі тапсырмалармен тапсырып отырады.
Ұстаздың педагогикалық қызметіне шығармашылық ізденіс, өзіндік әдістемелік тән. Оқытушы қазақ тілі мен әдебиеті пәні негізінде оқушының өмір талабына сай білімді, ой-санасының терең болуын, жеке шығармашылық тұлға болып қалыптасуын басты мақсат етіп ұстанады.
Аймашева Ақманар пән мұғалімі ғана емес, бір жылдан бері «Мемлекеттік тіл де іс-қағаздар жүргізу» тақырыбында факультативтік курс жүргізіп келеді.«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, ол өзі білім беретін дарынды шәкірттерінің өзін-өзі басқаруына, қосымша жұмыспен айналысуына бағыт-бағдар беріп, жетекшілік етуде.
Және де жас маман бір жылдың ішінде бірнеше аудандық байқауларға қатысып, жүлдесіз оралмайды. Атап айтсақ, Ақұштап Бақтыгереева оқуларынан 2 орын, Махамбет оқуларынан 3 орын, Мұқағали Мақатаев оқуларынан 1 орын, «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайыстарынан 2 оынндарды жеңіп алды..
Мұғалім осынау қиындығы мен қызығы мол мамандықтың шеберлігін шыңдап, шығармашылық ізденістерімен өз еңбегін биік белестерден көрсетуде.
Ұрпақ тәрбиелеу ісіне жан –тәнімен берілген, өз міндетіне аса бір үлкен жауапкершілікпен қарайтын еңбекқор маман, талапшыл ұстаз Ақманар Қалыбекқызы – әріптестерінің, ата-аналардың және көпшілік алдында беделді.