Мен, Айбосынов Махсуд технология пәнін оқытумен қатар мектебіміздегі "Жас шахматшылар" үйірмесіне жетекшілік етемін. Шахмат үйірмесінің ашылғанына биыл 3 жылға толды. Осы мерзім ішінде оқушыларым аудандық және облыстық деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Менің мақсатым оқушылар арасында шахматты кең түрде насихаттау. Оларды зейінділікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылық пен тапқырлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу