Сабақ тақырыбы: «Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер» тарауына
есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер» тарауы бойынша алған білімдерін жалпылап, тиянақтау, қосымша мәліметтер беру.
Дамытушылық: Тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту , өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: графикалық диктант, ауызша есептер шығару, өзіндік ізденіс (тарихи мағлұмат), деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар.
Көрнекілігі: карточкалар, нақыл сөз, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, түгендеу, сабақ мақсатын оқушылармен анықтау, топ жетекшілерін сайлау: І топ: Анель, ІІ топ: Арман, ІІІ топ: Мақсұт).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: топ жетекшілері есеп береді № 112, 114, 142.
ІІІ. Өтілген материалдың игерілуін тексеру:
1. Графикалық диктант: иә- жоқ
- Негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде негізін өзгеріссіз қалдырып, бөлінгіштің дәреже көрсеткішін бөлгіштің дәреже көрсеткішіне қосамыз (азайтамыз)
- (а 3)2 = а 5 тең (а 6)