Тәрибе сағаты « Ана тілің – ардағың »
І. Кіріспе бөлім
Мұғалім :
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар !
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының « Тіл Туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
« Адамға екі нәрсе керек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», деп Жүсіп Баласұғын бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ана тілі болмақ.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең дағы дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші «Ана тілім ардағым» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ. Негізгі бөлім.
1-жүргізуші Мархаба :
Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Тіл мерекесі құтты болсын. « Ана тілім ардағым » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Қазақ тілі – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.
2-жүргізуші : Аяжан
Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстан Республикасының жер көлемі үлкен. Өз елтаңбасы, туы, Гимні, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз республика болып 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республикамыздың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне – мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.
1-жүргізуші Мархаба
Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының « Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдану аясы, бедел – мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді.Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан – жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.
Тіл ұлттың жаны. Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген : « Тілін білмеген түбін білмейді».
Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлы