Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы
да мектебінің қандай негізде құрылуына
барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік
һәм өз жанымызға /қазақ жанына/
үйлесетін негізде құра білсек,
келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге
болады.
Мағжан Жұмабаев
• Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім
қандай болса, мектеп сондай болмақшы.
Яғни, мұғалім білімді болса, ол
мектептен балалар көбірек білім алып
шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі
мектепке керегі – білімді, педагогика,
методикадан хабардар, жақсы оқыта
білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
• Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне,
шәкіртіне деген сүйіспеншілікті
жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой
• Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
Ыбырай Жақаев
• Егер мұғалім өз бойына іс пен
шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті
біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д .Ушинский
• Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің,
адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев
• Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде,
күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей
сезінемін
Серке Қожамқұлов
• Жақсы адам ғана жақсы басшы бола
алады.
Жүсіп Баласағұни
• Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-
тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт
пішіні, киген киімімен де оқушысына
жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин
• Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр
жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов