Аттестатталушының жұмысы туралы пікір
Бакытнур Айдархановна биология сабағында жаңа технология түрлерін қолдана отырып оқушылардың шығармашылығын экологиялық біліммен ұштастыру арқылы өзекті мәселесімен жұмыс істейді.
Мұғалім мақсатқа жету жолында жаңа озық әдістемелерді кеңінен қолданып отырады.Оқушылардың ұжым болып жұмыс істеуіне, сөйлеу мәнеріне, ойлау қабілеттерін қалыптастыруға көңіл бөледі.Алдына қойған ісін үлкен жауапкершілікпен атқаратын ұстаз сабаққа дайындалу кезінде жан-ждқты ізденіп, интернеттен мағлұматтар алып,сабақта үлестірмелі кесте қағаздар, сұрақты карточкалар, перфокарталар, трек сызбаларын, ребус, крассворд, диафильм, домино ойындарын алдын-ала дайындап, оларды кеңінен пайдаланып отырады. Сабақтарында электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны қолданып, шеберлілігін жоғары деңгейде көрсете біледі. Мектепішілік «Ашық сабақ» фестивалінде 11- сыныптармен «Онтогенез» «Митоз» 9-10 сыныптармен «Микроэволюция» 8-сыныпта «Қан айналым» 7- сыныпта «Жалпақ құрттар» 6-сыныпта «Өсімдіктер әлемімен қоштасу» тақырыптарындағы өткізілген ашық сабақтарында білім технологиясының деңгейлеп оқыту, ұжымдық және жұптық элементтерін жоғары әдістемелік деңгейде қолдана білетінін көрсетті.
Оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында,жаратылыстану пән апталығында «ХХ-ғасырдың көшбасшысы», «КТК», «Ғажайыптар әлемі» сияқты сыныптан тыс шаралар өткізді. Кіші ғылыми жоба жарысының жеңімпазы Қоныспаева Арай «Қарашоқыда өсетін дәрілік» шығармашылық жұмысы облыстық байқаудың сырттай турына қатысып димломмен марапатталды. Бұл өткізілген шаралардың барлығы да оқушылар мен ұстаздар қауымының жоғары бағасына ие болды.